Наурыздың 15-і күні «Эйр Астана» АҚ Қазақстандағы ең сапалы әуежайды анықтап, оған «Эйр Астананың» арнайы сыйлығын табыстады. «Эйр Астана»компаниясының сынынан сүрінбей өткен қарағандының «Сары Арқа» әуежай болып шықты,-дейді компания басшылары сейсенбі күні өткізген баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, «Эйр Астана» АҚ Қазақстандық ірілі-ұсақты әуежайлардың арасында талапқа сай еместері де танылды дейді. Марал есімді бойжеткен Қазақстанның ірі қалаларының әуежайларының көбін көрген. Сондай-ақ, шет елге де жиі ұшып барып тұратындығын айтады. Маралға Алматы мен Астана әуежайларындағы қызмет көрсету сапасы ұнағанымен, тағамдар мен сусындардың бағасы қала ішіндегі дүкендердегі бағадан бірнеше есе қымбат деп отыр. Маралдың ұшақтарға да айтар шағымы бар екен. «Эйр Астана» компаниясы 15 наурыздағы әуежайларға қатысты баспасөз мәслихатын тек орыс тілінде өткізіп,журналистерге таратқан баспасөз баянының қазақ тіліндегісін жиын соңына қарай бірақ берді. Келесі кейіпкеріміз Жанар Қазақстанның әуежайларында да мемлекеттік тілдің ақсап тұрғанын айтады.