Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Наурыздың 18-і күні Қапшағайда ЛА-155/8 қатаң режимдегі колония қызметкерлеріне қатысты сот ісі аяқталды. Сотталған азаматты азаптаған колония қызметкерлері мен осы оқиғаға қатысы бар деп айыпталған сотталғандар 6 жылдан бастап түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Айта кету керек, бұл – Қазақстандық қылмыстық атқару жүйесі тарихында азаптау айыбы бойынша сотқа жеткен алғашқы іс дейді құқық қорғаушылар. Қазақстан сайлаушыларын президент сайлауына бойкот жариялауға шақырған үндеу қағаздары Астанаға да жеткен, бұған дейін мұндай листовкалардың Алматы және басқа да аймақтарда таратылғаны туралы да ақпаратар болған. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ливия кеңістігі арқылы кез келген ұшақтың ұшуына тыйым салатын қарар қабылдады Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығымен келісөз жүргізіп жатқандарын айтқан Қытай кәсіпкері Қазақстан жерінен дәмелі екендігін жасырмайды. Бұл туралы Алматыдағы жиын барысында халықаралық "Huahe international" консалтингтік компаниясының жетекшісі айтты. Оның сөзінше, бірқатар қытайлық компаниялар қазақстанда ауылшарушалығын көтеруге үлесін қосуға ниет білдіріп отыр екен. Дегенмен, бұл жоба жергілікті халыққа ұнамаса оны іске асырмаймыз деп отыр.

XS
SM
MD
LG