Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Наурыз мерекесі табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Бүгінгі "Уақыт бедері" айдарында Азаттық тілшілері хабарласқан азаматтар өздерінің Нурыз мерекесін қалай тойлайтындықтарын әңгімелеп Наурыз әндері мен Наурыз баталарын да мерекелік көңіл-күймен айтып берді. Қазақстанда Наурыз мейрамын көп жұрт жыл басы деп есептемейді. Көбіне ел бір-бірінің үйіне кіріп, құттықтау айтып, мереке дастарханынан ауыз тиіп, наурыз көже ішіп, ұлттық ойындар ұймдастырумен шектеледі. Алматы қаласының тұрғындары да наурыз мерекесі алғаш қолға алынған жылдары республика көлемінде жақсы аталып өткенімен, жыл өткен сайын алаңда концерттік бағдарламамен ғана аталып өтетін айтты. Алайда ауылда тұрғындар наурыз мерексін жылда өз дәрежесінде атап өтетін жеткізді. Іле ауданы Байсерке аулының тұрғыны Әсия Ұйтқыбаева наурыз ренжіскен адамдарды татуластыратын ерекше күн дейді. Өйткені бір қазанға бірігіп тамақ пісіріп, татуласқан көршілер наурызды әнін айтып қарсы алады дейді. Алматы қаласының тұрғыны Асан наурыз айтарлықтай тойланбайды дейді. Оның айтуынша, 1990 жылдары наурыз алғаш рет тойлана бастаған кезде жаппай халық болып тойлап, әкімшілік тарапынан жақсы ұйымдастырылатын. Ол қазір адамдар наурызда тек наурыз көже дайындап, дастархан басында өз отбасымен немесе үйлерді аралап құттықтаумен шектеледі дейді. Алматы облысы Алакөл ауданынң тұрғыны Ахметжан Аршабай бала кезінде 1950-60 жылдары шағын ауылдар наурыз мерекесін атап өтетінін айтты. Ол үлкен кісі қайтыс болған кезде ол адамның жылын дәл наурыз келетін уақытқа дәлдеп беретінін айта келе, наурыз ары қарай шек беру деген дәстүрмен жалғасын табатын дейді.

XS
SM
MD
LG