Accessibility links

Зерде


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Тарихшы Берекет Кәрібаев - Осы күнге дейін барлық әдебиеттерде, оқулықтарда Абылайдың туған жылы 1711 жыл деп жазылып келді. Бірақ тарихи құжаттың ешбірінде бұл дата көрсетілмеген. Тек оны ауыз әдебиетіндегі жырлар арқылы болжап, айтып келдік. Шын мәнінде оның нақты туған жылы маңызды емес, - дейді.Сондай-ақ, ол - Ханның үш жылдығын атап өтуді Абылайдың аруағы қажет етпейді. Ол бізге керек. Үкіметке кереке деген Берекет Кәрібаев «абылай есімін жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдалануымыз қажет» дегенді айтады. Қазіргі қазақ тарихындағы Абылайға қатысты талас тудырып келе жатқан тағы бір мәселе - оның билік құрған аумағы. Тарихшылардың бір тарабы Абылай үш жүзге толық билік жүргізді десе, екінші тобы жоқ дегенді айтады. Біздің бүгінгі екі кейіпкер де екі түрлі көқараста.Рашид Оразов Үмбетей, Бұқар жырларынан белгілі болғанындай Абылай жиырма жасынан бастап билікке келгенімен, 1771 жылдан бастьап үш жүзге толық хан болды. Үш жүздің басын қосқан тарихта Тәуке мен Абылай ғана дейді. Ал Берекет Кәрібаев - Өз кезегінде Әбілхайырдың баласы Нұралы хан Абылайды мойындаған жоқ. Сондай-ақ ортажүздің кейбір рулары Абылайды мойындамай, Нұралының қол астына өтіп кеткен болатын, - дегенді айтады.

XS
SM
MD
LG