Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Наурыз, парсыша «нау» жаңа, «руз» күн – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы , көктемнің басына келеді. Қазақтар оны Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Наурыз мерекесі табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Ежелгі халықтар негізінен Жаңа жылды табиғат жаңаруымен, яғни жер ұйқыдан оянғаннан кейін, көктем келуіне байланысты атаған. Наурыз мерекесі ең көне мейрам, оның тойланып келе жатқанына 13 000 жыл болды дейді ғалымдар. Көне деректер көзiне сүйенсек, наурыз тоғыз күн тойланады екен. Ол той «Наурызнама»депаталады. Әдетте, наурызнаманы бай, ауқаттыкiсiлержасаған. Бiра қ әр шаңырақ өзiнше наурыз көже пiсiрiп, ақ толы аяғын босағадан аттағанның бәрiне ұсынған. Ауыл ақсақалдары үй-үйден дәм татып, үйдегiлерге ыдыспен сыбаға тасып жүрген. Ол сыбаға iшiлместен бұрын қазанға құйылады. Бұл «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық» дегеннiң белгiсi.

XS
SM
MD
LG