Жақында Алматы қаласының төртем тұрғындары Бекайша, Нұрайша, Гүлайша және Жанайшалар бір жасқа толды. Сәбилердің ата-анасына Алматы қаласының Айнабұлақ ықшам ауданынан 3 бөлмелі пәтер тек жалға берілген. Бұдан өзге әлеуметтік көмек жоқтың қасы. Былтыр Азаттық радиосы Алматы қаласында төртемнің дүниеге келгендігі жайында жазып, жаңа туған төрт балаға арнайы күтуші бөлу туралы мәселе көтерген. Алматы қаласы тарихында тұңғыш рет дүние есігін ашқан төрт шақалақтың ата-анасы ол кезде Спорт және туризм академиясының 24 шаршы метрлік бір бөлмелік жатақханасында тұрып жатқан еді.