Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

24 наурызда қазақ экономика университетінің бұрынғы отбасылық жатақханасының тұрғындары университет әкімшілігі өздерін жатақханадан заңсыз қуып жатқандықтарын айтып наразылық шарасын өткізді. Алайда, университеттің шаруашылық басқармасының бастығы Асхат Бағжанов тұрғындардың талабы заңсыз деп айтты. Өйткені 2004-2005 жылдары сот бұл азаматтарды жатақханадан шығару және оларды баспанамен қамтамасыз етуден бас тарту туралы шешім шығарған дейді. Тұрғындар болса, басқа баратын жеріміз жоқ,-деп жатақхананы босатудан үзілді-кесілді бас тартуда. Даудың басы 1998 жылы басталған. Осы уақыттан бері жатақхана иелері бірнеше рет ауысқан. Тұрақты жатақханада тұрмайтын адамдарға жекешелендіруге берген. Тіпті, пәтерақысын адам басына 20 мың теңгеге дейін көтеріп қойған деп шағымдануда жатақхана тұрғындары деп айтты наразылық шарасында жатахана тұрғыны, заңгер Гүлмира Қуатбекова. Аталмыш жатақхана тұрғындары тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелмеген. Медициналық учаскесі бойынша да еш жерде тіркеуде жоқ. Олардың арасында көп балалы жанұя, жалғыз басты аналар мен мүгедектер бар. Тұрғындардың біразы егер үкімет біздің баспана мәселемізді шешіп бермесе президенттік сайлауға бармаймыз деп отыр. Тұрғындарды 15 сәуірде шығарамыз деп отыр дейді жатақхана тұрғындары. Осыған дейін де құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жатақханаға ертіп алып келіп, күштеп шығармақ болған дейді.

XS
SM
MD
LG