Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Гидролог мамандар жер үсті суларының ластануынан жер асты сулары да лайланып, адам денсаулығына қауіпті екенін айтып отыр. Олар қаржы тапшылығынан және мамандар жетіспеуі салдарынан су ресурстарын толықтай зерттеу мүмкін болмай отырғанын жеткізді. Сонымен қатар олар сатылымға шығып жатқан ауыз судың да тексерістен өте бермейтіні айтады.  Гидролог Әмірхан Кеншімов Қазақстан халқы суды үнемдеп қолданбайтынын айта келе, суды толықтай мемлекет бақылауға алуы керек деді. Оның айтуынша мемлкет су саясатын дұрыс жүргізіп отырған жоқ. Сондай-ақ ол ауылды жерлердегі жекелеген ауыл шаруашылықтары жер асты суларын бұрғылау әдістерімен алып пайдаланып отырғанын айтады. Оның айтуынша, су қорларын бұлайша есепсіз пайдалану ауыз су тапшшылығына әкеліп қоймай, жер үсті сулары мен жер асты суларының арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына себепші болады. Білім және ғылым министрлігіне қарасты гидрогеология және геоэкология институтының директоры Әлішер Сатбаев Қызылорда облысының халқы су орнына «у» ішіп отырғанын айтты. Оның айтуынша, Сырдария өзені ластанған сайын жер асты сулары да ластанып, ауыз судан әр түрлі жұқпалы аурулардың таралуына жол ашып отыр. Қызылорда қаласы ерте заманда сауда кереуендір жүріп өткен Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала болғанын еске салған ол, Сырдария өзені ағысын жиі өзгертіп отыратын өзен болғандықтан онда жерленген адамдардың моласын шайып кетуі әдбен мүмкін деген болжам жасады.

XS
SM
MD
LG