Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Бесағашта болған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарының қалай жүргізіліп жатқанына кісі қолынан қаза тапқан қыздың туған-туыстарының көңілі толмайды, ал бұл аралықта күдікті күрд жігітінің туғандары құн төлеп, бітімгерішлікке барайық деген ұсыныс жасады дейді олар. Оалдағы Уральская неделя басылымының басына тағы да бұлт үйіріліп тұрғанын мәлімдейді бас редактор мен Әділ сөз қоры. Үлескерден күрескерге айналған Қазақстан азаматтары Астана қаласының Есіл аудандық сотына қазіргі президент және алдағы сайлаудағы төрт үміткердің бірі - Нұрсұлтан Назарбаевтың әрекетсіздігіне шағымданып арыз түсірді. Азаттық радиосының сайтында «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаевамен онлайн-конференция өткізілді. Маргарита ханым Азаттық оқырмандарының сұрақтарына қазақ және орыс тілінде жауап беріп, оқырмандарды қызықтырған сұрақтардың ешқайсысын да назардан тыс қалдырмауға тырысты. Обама Ливия интервенциясы қырғынға жол бермеу үшін жасалған қажетті шара болды деп қорғап сөйледі.

XS
SM
MD
LG