Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Президенттік сайлаудағы төрт кандидаттың бірі –Қазақстан халық коммунистік партиясының өкілі Жамбыл Ахметбеков кандидаттардың бағдарламаларын таныстыру мүмкіндіктері бірдей болмады дей келе, бәсекелестірін қазақ тілінде телесайыс өткізуге шақырды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауды бақылау миссиясы Қазақстанда сайлау алдындағы науқанға оппозициялық партиялар тең дәрежеде қатыспай отыр, сондықтан да бәсекелестік ортасы қалыптаспады деген баға берді өзінің кезекті есебінде, Орталық сайлау комиссиясы болса мұндай бағалаумен келіспейтінін білдіріп үлгерді. Павлодарда сот тіркелмеген Алға партиясының өкілдеріне шабуылдаған адамдарды бұзақылық жасады деген айыппен жеті тәулікке қамау турасында шешім шығарды. Ливия көтерілісшілерінің қолына қару беру мәселесінде халықаралық қауымдастықтың көзқарас-пікірі екіге жарылды Наурыздың 30-ы күні Алматының Қалқаман ықшам ауданында белгісіз біреулердің арасында атыс болып, оның салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жарақаттанған. Оқыс оқиғаның мән-жайын тілшіміз зерттеп көрген болатын.

XS
SM
MD
LG