Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:25:00 0:00
Жүктеп алу

Бүгінгі қазақ жастары президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі Қазақстанды қандай ел ретінде көргісі келеді? - Азаттық радиосының орыс тілінде өткен кезекті дөңгелек үстелінде талқыланған тақырып осылай аталады. Бұл тақырыпқа президент Назарбаевтың 25 ақпанда айтқан сөзі түрткі болды. Осы күні елдің ресми баспасөз қралдарына берген сұхбатында Н.Назарбаев өзінің президенттік құзырын референдум арқылы ұзартудан бас тартып, кезектен тыс президент сайлауын тағайындауының себептерін түсіндіре келіп, алғаш рет «келесі президент» дегенді айтып қалды. Осылайша Н.Назарбаев өзінің ерте ме, кеш пе билік басынан кететінін ашық айтты. Назарбаевтан кейінгі Қазақстан қандай болады: қазіргі саяси режим жалғаса ма әлде шынайы демократиялық мемлекетке айнала ма? Осы жөнінде бүгінгі қазақ жастары не ойлайды? Осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстелдің толық аудио-үлгісі мен жазбаша мәтінін Азаттық Радиосының Интернет-сайтынан тыңдап, оқи аласыз. Ал қазір дөңгелек үстелдің радиотұсқасын тыңдайсыздар.

XS
SM
MD
LG