Лайықты баспана үшін» қозғалысының мүшелері сайлауда ешкімге дауыс бермейтіндерін ескертіп, Орталық сайлау комиссиясынан дауыстарды санау кезінде осыны есепке алуды талап етті. Орталық сайлау комиссиясы мұндай талаптың заңда қарастылмағанын айтады. Президенттік сайлау алдындағы додаға қатысып, бірақ тиісті қол жинай алмаған соң кардадатурасын алып тастағаедардың бірі Серік Сапарғали Нұрсұлтан Назарбавтан бастап тіркелген кандидаттардың бәріне қарсы Жоғарғы сотқа арыз түсіргенін айтады. Жұма күні Астанада сотталған азаматтардың 20-ға жуық туысы президент әкімшілігіне арыздарын тапсырды. Түзету мекемесінде ұрып-соғы мен түрлі заңсыздықтың құрбаны болып жатыр деген ата-аналар өз шағымдарының көшірмесін, депутат Ирак Елеккевке де табыстады. Ол өз кезегінде «сайлаудан кейін заңсыздықтар орын алды» деген түзету мекемелерін құқыққорғаушылармен бірге аралып шығуға уәде берді.