Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

«Әзілің жарасса - атаңмен ойна» деген қазақ бүгін де қалжыңнан қамал соғып жатыр демесе де, түрлі-түрлі сатиралық театрлар құрылып, мемлекеттік телеарналарда әзіл-әжуа бағдарламалар көрсетіліп жатыр. Солардың ішінде Ресей арнасында 50 жылдай уақыттан өткізіліп келе жатқан, көңілді тапқырлар клубы олардың дәстүрлі әзілінің бір түріне айналып қана қоймай, бұрынғы Совет одағы елдерін де баулып әкетті. Елде бұрын Ресейдің КВН әзіл оспағын тамашаласа, кейінгі 10 жылдай уақыт шамасында Қазақтың да арасынан Көңілді тапқырлар клубының ойыншылары шығып жатыр. Сатирик Еркін Жаппас КВН бір сәт халықты күлкіге батыратын уақытша дүниеге жатқызады. КВН-нің орны бөлек деген «Өнер қырандары» КВН командасының капитаны Мадияр КВН мен әзіл оспақ театрларының айырмашылыға олардың әзілді жеткізу түрлерінде дейді. Бірақ, бәріміз еңбектенеміз, сондықтан оның бірінен екіншісін жоғары қоюға болмайды дейді. Сықақшылар арасында қазіргі кезде әзіл арзандап кетті дегендері де бар. Ол үшін сынды көтеру керек дейді сықақшылар. Сатириктер бүгінгі әзілдің жақсы дамып келе жатқанын айтқанымен, айтылған ой мен көтерген мәселенің орындалмай, айтылған жерінде қалып қоятыны қынжылтатындығын жеткізді.

XS
SM
MD
LG