Accessibility links

Сайлау -2011


Сайлау -2011
please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

3 сәуір күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына қатысқан сайлаушылар бюллетенде тіркелген төрт кандидаттың біріне дауыс беріп, таңдауларын жасады. Орталық сайлау комиссиясының мәлімет деректеріне қарағанда қазақстандықтардың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болғанға ұқсайды. Бақылаушылардың айтуынша мұндай жоғары белсенділіктің өзіндік сыры бар. Ақтөбедегі сайлау учаскесі орналасқан мектептің кіре берісінде Нұрсұлтан Назарбаевты мақтап- мадақтаған өлеңдер оқылған, ұймдастырушылар бұл үгіт емес, оқушылардың тілектерін білдіруі дейді Азаттықтың Алматыдағы тілшілері таңғы оннан кейін дауыс беруге топтасып келген студеттердің қарасы көбейгенін айтады. Астанада адамдарға толы бірнеше автобус бірінен кейін бірінен барып бірқатар сайлау учаскелеріне аралап шықты. Білетіндер мұны сайлау кезінде қолданатын «карусель» әдісі дейді. Осылайша адам толы автобустар Астанадағы бірнеше сайлау учаскелеріне барып шықты. Азаттық радиосының Астанадағы тілшісі адамдар мінген автобустармен бірге олардың бір адамның бірнеше сайлау учаскесіне кіріп шыққанын көрген. Ал Азаттық радиосының Қарағанды облысындағы тілшісі, Теміртау қаласы мен Пришахтинск аудандарында таңғы 7 жарымда-ақ дауыс беруге келген адамдар кезек күтіп тұрған. Мұнда оларды ән-жырмен, күмбірлеген күймен қарсы алды дейді. Олар негізінен бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтіндер мен қарапайым жұмысшылар болған, таң атпай белсенділік танытқан сайлаушылардың сөздеріне қарағанда оларды сайлауға баруға міндеттеген, ал дауыс бергеннен кейін басшылары алдында есеп берулері тиіс екен. ЕҚЫҰ Демокпатиялық иестиуттар мен адам құқтары кеңсесінің басшысы Яниз Ленарчич жексенбі күні кешке жақын Қазақсанда өткен мерзімінен бұрынға президент сайлауына қатысты жедел пікір білдірген екен. Онда ЕҚЫҰ шенеунігі былай депті. Қазақстан билігі қазіргі таңда эконмикалық және әлеуметтік дамудан артта қалып отырған демократиялық реформаларды алға жылжытуға күш салып жатқаны айқын. Саяси айқындама дегеніміз – сол ең алдымен біздің көзқарасымызда қандай бір реформаның мақсаты пікір білдіру мен жиналыс, митингтер еркіндігімен өлшенуі тиіс деп атап көрсеткен Яниз Ленарчич. Қадірменді ағайын алдағы жарты сағаттық хабарымызда Азаттық тілшілері жексенбіде өткен сайлау күнінің таңертеңнен кешке дейінгі картинасын өздері болған көрген- жайлар арқылы әңгімелеп беретін болады. Сонымен президенттік сайлаудың бір күні Азаттық тілшілерінің көзімен Азаттық радиосының Алматы мен Астанадағы тілшілері таңертеңнен бірқатар сайлау учаскелерінде болып дауыс берудің қалай басталғанын, жалпы сайлау учаскелерінде сайлау күнгі жағдайдың қалыптасқанын көздерімен көріп қана қоймай, Азаттық радиосы сайтының оқырмандарына арнап бірнеше сайлау учаскесінен тікелей вебтрансляция да жүргізіп тұрды.

XS
SM
MD
LG