Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан банктерінен ипотекаға несие алған адамдар банкпен заңсыз келісім-шартттарға қол қойғанын алға тартып отыр. Олар келісім-шарттарда орын алған заңсыздықтар туралы тек заңгерлер көмегіне жүгінген уақытта білгендерін айтады. Ал банк қызметкерлері болса, ипотекалық несие алған адам банкпен арадағы келісім-шартты қайта қарастыруына мүмкіндік бар екенін алға тартты. Ипотекаға несие алғандардың бірі Сербутаева Гүлнара қарызын уақытында қайтара алмауы себебінен несиенің өсімақысы қанша болғанын жайлы банк қызметкерлері хабардар етіп, хат жіберіп тұратыны айтады. Оның айтуынша, қарызын қайтаруды кейінге қалдыруын немесе оның мөлшерін төмендетуін сұрап, банкке барғанымен бір келісімге келе алмаған. Несие алушылар көптеген қоғамдық ұйымдар көмектесе алмағандықтан енді «Әліп би» аналар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігіне мүшелікке өткендерін айтты. Олар аталған бірлестіктің заңгерлері заңсыз келісім-шарттарға қол қойғанын анықтады дейді. Ал бірлестік төрайымы Шолпан Ризабекова келісім-шартта орын алған заңсыздықтарды анықтаған соң қаржы полициясына арыз түсіргенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG