Кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті болып тағы бес жылға қайта сайланды. Президент сайлауы өтісімен осы жазда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтетіні жөнінде де болжамдар айтыла бастады. Бұл нені білдіреді? Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда кезектен тыс өткен президент сайлауына сыни баға берді. Президент сайлауына бойкот жариялаған Қазақстан оппозициясы әлі де үнсіз жатыр, ол жалғаса бере ме немесе қолдан жаңа оппозиция жасалып, алда болады деп болжанып отырған парламент сайлауына қатысуы мүмкін бе? Азаттыққа берген сарапшылардың бірі Расул Жұмалының ой-пікірі. «Индепендент» газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті жеңісінен кейін нашарлардың тобындағы мықтының алдын-ала шешіліп қойған жеңісі деген баға берді.