Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда 3 сәуірде өткен президент сайлауының түпкілікті нәтижесін жариялады. Ол бойынша қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаушылардың 95,55 пайыз даусын алғаны белгілі болды. Азат жалпыұлтық социал демократиялық партиясы болса бұл сайлауда сайлаушылардың даусы емес, саяси технология жеңіске жетті дей келе сайлаудағы заң бұзушылықтарға тергеу жүргізуді талап етеді. Кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялаған Азат жалпыұлтық социал демократиялық партиясы болса сайлаудың соңғы қорытындысы шыққан күні әлеуметтік реформалармен қатар саяси модернизация жасауды талап еткен мәлімдемелерін жариялады. Дүниежүзі қазақтарының 4-ші құрылтайы мамыр айының аяғында өтетіндігі белгілі болды, қазақтарыдң көші-қоны мен қытайдағы қазақтардың виза алу мәселесінің қиындығы төңірегіндегі сұқбат. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметкері Ботагөз Уатқан Азаттыққа берген сұқбатында өткен жылдан бері Қазақстанға қоныс аударатын шетелдердегі қазақтардың көш легінің біршама саябырлап қалғанын айтады. Бұның бір емес бірнеше себептері бар екен. Қырғызстандықтар әр көктемді үрей мен қорқыныш аралас сезімде қарсы алатыны қалай, өткен жылы сәуірде Құрманбек Бакиевті тақтан тайдырған халық толқуынан бері бір жыл өтті. Өскеменде қоныстандыру колониясында жазасын өтеп жатқан Жовтистің колонияның үстінен түсірген кезекті шағымын сот қанағаттандырмай тастады. Құқыққорғаушының жақындары оның амнистияға ілінуінен үміттенсе, Жовтистің ісін саяси іс деп атап отырған құқыққорғаушылар бұған күмән келтіреді.  

XS
SM
MD
LG