Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Сәуірдің 8-і күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында кезекті жаңа мерзімге сайланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясы өтті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті инаугурациясы не себепті тым жылдам өткізілді, бұған қатысты түрлі пікір айтады, бірі бұл 4 айдан бері жаңалықтар арқауы болған сайлау науқанына нүкте қою керек болды десе, саясаткерлердің енді бірі мұны кездейсоқтық деп есептемейді. Жұма күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті инаугурациясын өткізді. Ант қабылдағаннан кейін сөйлеген сөзінде ол, осыдан 20 жыл бұрынғы алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін «артығымен орындағандығын», осыған дейін экономиканы жақсартып ендігіде демократияны қолға алатындығын мәлімдеді. Алайда сарапшылар бұл айтылғандарға өз пікірлерін білдіріп отыр. Президент Назарбаевтың инаугурациясынан кейін үкімет жедел түрде отырыс өткізіп премьер-министр Кәрім Мәсімов отставкасын жариялады. Ал жұма күні түстен кейін мәжілістің пленарлық отырысы өтіп онда президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәсімовтің кандидатурасын премьер-министрлікке қайтадан ұсынды.

XS
SM
MD
LG