Бұл күнде Іле аймақтық облысына қарасты Толы ауданында тұратын күйші сазгер Ғизат Сейітқазыұлы жүзге жуық әндер мен ел ішіне кең тараған он бес күйдің ауторы. 1942 жылы Жайыр тауының етегіндегі Қату деген жерде дүниеге келген. Қытай өңіріндегі күйшілік дәстүр негізінен төкпелі және термешілік стильде тартылады, - дейді күйшінің өзі. Өткен жылы Қытай тілінде «Ғизаттың домбырасы» атты деректі фильм түсірілген.