Батыс Қазақстанда тұрғын үйлер су астында қалып жатыр, Орал қаласынан 800-дей адам басқа аймаққа көшіріліп, төтенше жағдай жарияланды. Түрмеден ерте босатылу мүмкіндігінен Айдос Садықов та айрылып отыр, бұл жөніде Азаттық радиосына оның жұбайы хабарлады дүйсенбі күні. Болашақ қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов Азаттыққа берген арнайы сұқбатында ғарышқа қашан ұларының белгісіз екенін айтады. Ливиядаға жағдай: Мұаммар Каддафи Африка одағының атысты тоқтату жөніндегі үсынсын қабылдағанымен, биліктен кеткісі келмейді.