Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

12 сәуір халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне арналады. БҰҰ-ң Бас ассамблеясы үстіміздегі жылы 12 сәуірді Адамзаттың космосқа ұшқан күні деп жариялады. «Қазақстан ғарышкерлігінің жағдайына тоқталсақ, қазіргі уақытта оның негізі қалыптасып келеді деп айтуға болады. Себебі ғарышкерді ақысын төлеп ұшыруды қадам деп айтуға болмайды, ол жарты қадам секілді. Онымен ғарышкерлік саласы жоқ көптеген елдер де айналыса алады. Бұл саланы толыққанды игеру үшін ғылыми ұйымдар жүйесі, конструкторлық бюро, жеке жұмыстарымызға және халықаралық нарыққа шығару үшін өндіріс, құрылғы мен космостық құралдар болуы керек. Әзірше Қазақстанда ғарышкерлік қызмет Қазақстанның араласуынсыз өтіп жатыр. Сондықтан да бізге осы саланың негізін қалау қажет. Алайда бұл негізді қалау оңайға түспейді. Себебі ғарышкерлік дегеніміз жер серігін ұшыру немесе ғарышкерді космосқа аттандыру ғана емес. Ол толық өнеркәіп саласынының негізін қалаумен тең. Әлемдік технологияларға қол жеткізу, қажетті рұқсат қағаздарын алу, мамандарды даярлау – қазіргі уақытта осындай жұмыстар жүріп жатыр», - дейді Космос кз компаниясының директоры Нұрлан Асылхан. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылғы қазанның 2-сінде жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 59 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан құрамында ресейлік Александр Волков пен австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен совет-австрия экипажында ұшып шықты.

XS
SM
MD
LG