Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қаржы нарығын реттеп-қадағалаушы агенттіктер таратылды. Оның қызмет міндеттері мен өкілеттіктері Қазақстан ұлттық банкіне берілді, сарапшылардың бірі мұны 90-шы жылдардың басына қайта оралу деп атады. Айтыскерлер кіші қажылыққа аттанды немесе «Ақын тур» Тең құқылы ынтымақтастыққа жол бар, ал экспансияға жол жоқ деген ашық хатқа қол қойған азаматтық қоғамның 60-тан астам өкілі Қазақстан мен Қытайдың экономикалық қарым-қатынастарының қыр-сырына үңілген. Египеттің биліктен қуылған президенті Хосни Мүбарактіы өзі ауруханада жатса, оның екі ұлы тұтқынға алынды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезінде Қазақстан үкіметі адам құқықтарын қорғау шараларын жақсартпақ түгілі, одан сайын нашарлата түсті деп санайды нью-йорктік журналист. Бұл мәртебенің Украинадағы автократия жолына түскен билікке 2013 жылы берілетіні қаншалықты жөн?

XS
SM
MD
LG