Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Батыс Қазақстан аймағы көктемгі су тасқынынан бірнеше күннен бері зардап шегуде, тұрғын үйлер су астында қалып, 3 мыңдай адам эвакуацияланған. Адам шығыны да бар деп хабарланып отыр. Қазақстанда түрмеде отырған азаматтардың аналары мен басқа да туған туыстары сотталғандардың құқықтарын арнайы аналар комитетін құру арқылы қорғамақшы. Араб елдеріндегі демократияны талап еткен шерулер Орталық Азияға тарайтын болса, халық толқуы алдымен Тәжікстанда орын алуы мүмкін деп болжайды жергілікті сарапшылар Қытайдағы қазақтардың виза алу машақаты, Қазақстанға келгеннен кейін тіркеу мәселесінде одан сайын жалғасады дейді Азаттыққа телефон шалған тыңдарман. Мемлекет айтысты өз қарамағына біржолата алып, ақындардың айтарына бақылау қоюды ойлап отыр дейді Жүрсін Ерман. Қазақстанда ақындар айтысының жаңа ережесі бекітілді, осы ережеге сәйкес жылына бір рет ақындар айтысы өткізілетін болды. Ережені Мәдениет министрлігінің мәдениет комитеті әзірлеген. Соңғы ширек ғасыр бойына айтысты ұйымдастырып, өткізіп жүрген ақын Жүрсін Ерман өзінің мұндай ереженің әзірленуіне қатыспағанан айтады.

XS
SM
MD
LG