Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шаралардың бірі бейсенбі күні Желтоқсан оқиғасын арқау еткен "Аллажар" деректі фильмімен жалғасты. Журналист арызданғанда істе қылмыстық құрам болмай шықса, әкімдік күзетшісі арызданса журналиске қарсы тергеу амалдары бірден жүргізіледі. Азаттық радиосында көтерілген –Қытай қазақтарының виза тауқыметі туралы тақырып қоғамға қозғау салды. Бір жарым миллион қазақ тұратын Қытай елінен Қазақстанға келіп кетеміз деген азаматтары виза аштыру үшін талай тауқыметті бастан кешеді екен. Бұл жөнінде Азаттық радиосына келіп түскен хаттар мен телефон қоңыраулары негізінде жазылған мақала мен хабардан кейін Қазақстандағы БАҚ құралдары да үн қосып, қытй қазақтарының виза ала алмай жүргені турасындағы тақырыпты қамти бастады. Ал Астанада Қытай қазақтарының виза аштыру ісіне өзіндік қолдау мен көмек көрстеу мақсатында жұмыс тобы құрылған екен. Оның құрамында Қытайдан ата жұртқа қоныс аударған бірқатар азаматар, студенттер, ғалымдар бар. Олар Қытаймен күнделікті хабарласа отырып, осы мәселеге Қазақстан назарын аударту тұрғысында іс-әрекеттер жасамақшы. Атырау қалалық соты облыстағы кәсіпкер Шариполла Сайфуллинге заңсыз есірткі мен қару сақтады деген айып тағып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

XS
SM
MD
LG