Жақында көктемгі су тасқынана зардап шеккен Орал аймағына қандай көмек-қолдау көрсетіліп жатқанынан да хабардар ететін боламыз. Жақында ғана Азат жалпыұлттық саяси партиясының қатарынан кеткен cаясаткер Уәлихан Қайсар жаңа саяси партия құру ойы бар екенін айтады. Ол үшінші саяси күштер қатарына жата ма? Жазушы Смағұл Елубай ислам дініне бет бұрып, мешіттерге ғибадатқа баратындар негізінен төменгі таптың өкілдері, ауылдан келген не жұмысы, не білімі жоқ жастар десе, бұған қарсы уәж айтатындар бар. Бейжің мен Үрімжідегі консулдық алдында виза кезегінде айлап жылдап тұрған қытай қазақтары шырылдап Азыттыққа күнсайын телефон шалады, бүгін солардың бірқатарын қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз. Бір жасқа енді толатын бүлдіршін Григорий Бирюкевке қайырымды жандардың көмегі мен қолдауы ауадай қажет.