Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Саяси шешімдер институтының әлеуметтанушылары Қазақстан халқының жартысына жуығының материалдық, әлеуметтік жағдайының жақсарғанын мәлімдеді. Олар мұндай қорытындыға тек қала тұрғындарының арасында сауалнама жүргізу арқылы келген. Сауалнама жүргізу барысында тұрғындардың 43 пайызы өзінің материалдық жағдайының жақсарғанын айтса, ал 45 пайыздан астамы экономикалық жағдайының жақсаратынына сеніммен қарайтынын жеткізген. Сонымен қатар аталған институттың әлеуметтанушылары халықтың басым бөлігі сауланамада «президенттік сайлау әділ өтті» деп жауап берген. Ескерте кету керек, сауалнама тек қала тұрғындарынан, яғни қазақстанның 14 облыс орталығы және Астана мен Алматы қалаларының 2300-ге жуық тұрғынадарының арасында жүргізілген. Алайда әлеуметтанушылар мен экономистер бұндай сауалнама халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын толық көрсете бермейді дейді. Сонымен қатар әлеуметтанушылар халықтың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне азық-түлік пен комуналдық қызмет бағасының қымбаттауы, баспана мәселесі мен жұмыссыздық кедергі болып отырғанын айтады. Әлеуметтанушы Серік Бейсенбаев болса бір ғана сұраққа жауап алу арқылы адамдардың материалдық, әлеуметтік жағдайының жақсарғанын білу мүмкін емес дейді. Оның айтуынша, сауалнама арқылы тек адамдардың көңіл-күйін білуге болады. Ол қазақстан халқының 70 пайызы комуналдық қызметті төлеуге мүмкіндіктері жоқ екенін айтады. Сонымен қатар Серік Бейсенбаев сауалнама барысында халық негізінен үкіметтің жұмысына жалпы жақсы баға бергенімен, «олардың атқарып отырған жұмысын көріп отырған жоқпыз» деп жауап береді дейді.

XS
SM
MD
LG