Ұшақтың бағытын бұрмақ болған Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілдігінің кеңесшісі Валерий Толмачевті қазіргі уақытта Италияның полициясы тергеп жатыр. Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі Олжас Сүлейменов көмекшісінің мұндай әрекет етуіне дәрігерлердің жалған диагнозы әсер етуі мүмкін деп болжайды. Атырауда облыстық әкімдік алдына Райхан Әлиханова деген 4 балалы ана аштық жариялаймын деп баспана талабымен акцияға шыққан, ашынған ананы қалалық полиция қызметкерлері алып кетіп, түсніік жазғызған сой босатқан деп хабарлап отыр оқиға орнында болған тілшіміз.