Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Алматы қаласында өткен Қазақстан риэлторлары біріккен қауымдастығының жылдық съезінде мамандар елде риэлторлар туралы заң қажет екенін айтты. «Жақын арада риэлтор болып жұмыс істегеніме бір жыл болады. Алғашында келе сала бұл мамандық көп икемділік пен машықты талап ететінін түсіндім. Дерек қорларымен, клиенттермен көп жұмыс істеймін. Сондай ақ бұл қызметте психологиялық шеберлікті көп қолдануға тура келеді», - дейді риэлтор Маржан Оразбаева.  Бұл қызмет түрi 90-жылдардағы делдалдық қызмет көрсетуден басталған. Қазақстандық тұтынушылар риэлторларды ХХI ғасырда тани бастады. «Мысалы сіз үй сатпақшы болдыңыз делік, сіз хабарландыру бердіңіз, бұл дегеніміз, кез келген адам үйді не пәтерді көремін деп сылтауратып келе алады деген сөз. Оның кім екенін ешкім білмейді, ол нақты сатып алушы ма, мүмкін ұры шығар, тіпті психологиялық проблемалары бар адам шығар. Бәрі мүмкін. Сатушы мұндай адамдардың алдында қорғансыз. ал риэлтор болса, сатып алушыны үйге алып келмес бұрын, келісім шарт жасасып, оның құжаттарын көреді», - дейді «Almaty Real Estate» компаниясының президенті Зухра Назарова "Риэлторлық қызмет туралы" Заң риэлторларды кәсiби тұрғыда әрекет етуiне жағдай жасайды дейді Қазақстан риэлторларының бірікке қауымдастығының бұрынғы президенті Абылайхан Саматдин. Ол бұл заң бағаны да реттеуге көмектеседі деп санайды.

XS
SM
MD
LG