Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Азаттық радиосының сайтында онлайн-конференция өткіземін деп «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі жеке парағында жариялады. Азаттық радиосының сайтында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың онлайн-конференциясы өтті. Онда қойылған сұрақтардың көпшілігі Қытай қазақтарының виза тауқыметніе арналыпты. 2009 жылы Қазақстан азаматтығын алған кезінде Ерекен Амантай деген азамат үш баласының үлкенін, Қытай заңына сәйкес, Шыңжаң-ұйғыр автономиялы аймағында туған-туыстарына тастап кетуге мәжбүр болады. 2011 жылы сол қызына паспорт берілген соң, атақонысына алып кетуге келген Ерекен Амантай Қазақстанның Үрімжідегі төлқұжат-виза қызметінен қызына визаны сәуірдің 26-сы күні ғана виза алыпты. Қазақстандағы жұмысынан 10 күнге ғана сұранып, сол жұмысына кешіксе де, қызын алып кете алатынына қуанған Амантай - Азаттық радиосымен сұхбатында қуанышын жасырмады. Бірақ, төлқұжат-виза қызметінің виза берерде Қытай қазақтарынан «неге арыз-шағым жаздың? арыз-шағым жазуға сендерді кім көндірді?» - деп сұрап қысымға алғанын растады. Беларусь оппозициясына қарсы сот басталды БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Сириядағы жағдайға қатысты кеңесулер жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG