«Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен өткен айтыстың екінші күні ел алдына атыраулық Сырымбек Жақсыбекұлы мен ақтөбелік Есентүгел Әзиев шықты. Бұл жұптың айтысы Сырымбек Жақсыбекұлының Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың шынайы бейнесін боямасыз жырлағанымен ерекшеленді. Көрермендер де жылы қабылдады.