Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

1996 жылдан бастап Халықаралық еркін кәсіподақтар конфедерациясы 28 сәуірді «дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» деп, өндірісте жұмыс істеп жүріп құрбан болғандарды еске алу үшін атап өтеді. Қазақстанда ең қауіпті жұмыс орнына құрылыс саласы жатады деп отыр мамандар. Бұл салада кісі өлімі немесе жарақат алу ай сайын тіркеледі. Сондай -ақ, қазба жұмыстары мен химиялық өнеркәсіптер қауіпті салалар қатарына жатады. Ол жерлерде жұмыс істейтін адамдарда кәсіби аурулар мен қайғылы жағдайларға жиі ұшырасады. Дария есімді әйелдің жалғыз өзі бағып отырған 3 баласы бар еді. Үлкен ұлы анасының бір жағына шығамын деп, құрылысқа жұмысқа тұрып, қайтыс болды. Ол бар-жоғы 18 жасқа жаңа толған бозбала еді, өз күшімен грантқа оқуға түскен болатын деп еске алды Дария, Дарияның айтуынша, баласы істеген «Актас М» бетон зауытында жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың барлығының құжаттары жоқ.  Алматы облысы, Қарабұлақ қаласындағы «Мүшілік» қант зауытында 600 адам жұмыс істейді. Олар күніне 12 сағат еңбек етіп, 8 вагон, яғни 900 тонна қант өндіреді. Көмір жұтып жүргенімізге қарамастан, денсаулыққа зиянды мекемеде жұмыс істегені үшін берілетін 10 пайыз жеңілдік алынып тасталды деп отыр зауыттың кәсіподақ төрайымы Райхан Досқұжанова. Соған байланысты қазір тегін сүт, тағамдар және арнайы киім-кешек берілмейді деп отыр.

XS
SM
MD
LG