Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Мектеп бітірушілер үшін ҰБТ тапсыру уақыты жақындап қалды. Биылғы жылы мектеп түлектері маусым айының бірінен онына дейінгі аралықта ҰБТ тапсырады. Жоғарғы оқу орнына тапсыру үшін оқушы 50 балдан кем жинамауы тиіс. Ұстаздар тест тапсыру барасында ата-аналар мен оқушылар мұғалімдер көмектестініне сеніммен қарайтынын жеткізді. Ал мамандар болса, 125 балл жинаушы мектеп бітірушілер қатары бірден көбейгенін алға тартып отыр. Сондықтан биылғы жылы ҰБТ тапсыруда талаптар күшейтілмек. Яғни, тәртіп бұзған оқушы тест тапсыру құқығынан айрылады. Алайда психолог мамандар бұндай тәртіптің енгізілуі тест сапасының жақсаруына септігін тигізе қоймайтынына сенімді. Сонымен қатар оқушылар мен ұстаздардың пікірінше, орыс тілі пәнінен тест тапсырып, оның жоғарғы оқу орнына түсерде есепке алынбауы уақытты зая кетіреді. Өткен жылы ҰБТ тапсырған Марат сыныптастарының көбі ҰБТ тапсырудан қорқып, 9-сыныптан кейін колледжге құжат тапсыруға мәжбүр болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG