Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Саяси ғылымда бір саяси жүйеден екінші жүйеге өтуді «саяси даму» немесе «саяси модернизация» деп атайды. Тарихи мәліметтерге жүгінсек, саяси модернизацияның алғашқы тұжырымдамалары 20 ғасырдың 50-60 жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол уақытта бұл термин жаңадан тәуелсіздік алған мемлекеттердің саяси құрылымын өзгертуін білдірген. Алайда бұл алғашқы қадамдар шет елдер ықпалын күшейтіп, ішкі мемлекеттік ерекшеліктерді көп ескермеді. Сондықтан да ол өзгеріске ұшырап, 1970-1980 жылдары ол дәстүрлі қоғамнан рационалды қоғамға өту кезеңін сипаттайтын өркениеттің даму үрдісіне айналды дейді саясаттанушы ғалымдар. Саяси модернизацияның қазіргі заманғы тұжырымдамасында оның екі тарихи түрі белгілі. Біріншісі – түпнұсқалық модернизация. Ол АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне тән болды. Олар ұтымды қоғамдық құрылысқа ұзақ уақытқа созылған ішкі даму арқасында жетті. Екіншісі – екінші реттік модернизация. Ол дамуда қалып қойған, алайда дамыған елдерге олардың тәжрибесін қолдану арқылы тез жетуді көздейтін елдерге тән. Ұлттық зерттеулер институтының саясаттанушысы Бөріхан Нұрмұхамедов Қазақстанда саяси модернизацияның қажеттілігі анық дейді:

XS
SM
MD
LG