Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Атыраудан 90 шақырым қашықтыта жатқан Доссор аулының жүздеген тұрғындары осында күкірт өңдейтін зауытттың салынуына қарсылық білдіріп және күкірт тиелген 16 вагонның алынып кетілуін талап етіп, теміржолды бөгеп, Атырау-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар позын тоқтатып қойған. Жергілікті билікпен келіссөздер жүргізіле келе екі жарым сағаттан кейін күкірт тиелген вагондар алынып, поезд бағыты қайта жанданыпты. Тұрғындардың күкірт өңдейтін зауытты салдырмау талабына 15 күннің ішінде жауап беріледі деп уәде етілген. Алматыда мамыр айының басында басталған жер асты дүмпулерінің легі толас таппай тұр. Кейбір хабарларға қарағанда 5 мамыр күні де жер қозғалысы сезілген. Қазақстанның ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев Төтенше жағдайлар министрлігі мен осы министрліктің жетекшісі Божконың өзі елдегі төтенше жағдайлар турасында Твиттер әлеуметтік желісі не болмаса мобилді телефондағы хабарлама арқылы құлақтандырып отыратын болады деп мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда шұғыл ақпараттар жедел шығарылып тұратын арнйы сайт та жұмыс істейтін болады. Министр бұл ретте интернет байланысы жоқ ауыл тұрғындары жайында ешнәрсе айтпаған. 1 мамыр күнгі жер сілкінісі турасында ақпаратар уақтылы таратылмағандықтан тұрғындардың дүрліккенінен сабақ ала отырып, алып-қашпа сөз емес нақты ақпаратқа мән беретін боламыз деген министр Божко жақын арада қуатты жер сілкінісі болмайды деп болжанып отыр дегенді айтты. Ал бұл аралықта бейсенбі күні түстен кейін Алматы облысының аймағында табиғаттың төтенше мінезіне орай мамандар мен сарапшылар дөңгелек үстел сұқбатын өткізді. АҚШ билігі Усама бен Ладеннің мәйітінің суретін баспасөзде жарияламау қажет деп тапқан. Тәжікстанның Исламдық қайта өрлеу партиясы әлеуметке бет бұрды. АҚШта полицияның оғынан қаза тапқан қазақстандық азаматтың мәйіті Қарағандыға жеткізілді.

XS
SM
MD
LG