Кеден төңірегіндегі жемқорлық жанжалы тұсында Қазақстан кеден қызметінің басшысы Қозы-Көрпеш Кәрібозов қызметінен алынып, орнына бұрынғы ішкі істер министрі тағайындалды Қазмұнайгаз ұлттық компаниясы қазақ ақпарат құралдары үшін арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мұнай газ саласында қытай компанияларының активтерінің үлесі жыл өткен сайын азая түседі дегенге сендірмекші болды. Алматы облысында болған жерасты дүмпулерінен ең көп зардап шеккен Маловодное мен Қазатком ауылдарының тұрғындары киіз үй мен шағын вагондарда тұрып жатыр. Бұл ауылдар 1-ші мамырдан бері Алматы жұртын дүрліктірген жер асты сілкіністерінің ошағы саналады. Алматы облысындағы аталған ауылдарда бірқатар үйді көктемнің басында топан су басқан еді. Енді міне жер сілкінісінен кейін ондаған баспана мүлдем жарамсыз болып қалған. Көптен бері даудың өзегі болып келген Ресейдің Химки орманын қорғап жүрген белсенділерге қарсы шабуыл жасалды "Транзишин онлайн" басылымы Қостанай диқандары мен фермерлерінің көктемгі тыныс -тіршілігіне үңіліпті.