Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Совет-герман соғысының аяқталғанына 66 жыл толған Жеңіс күні Қазақстан қалаларында кеңінен аталып өтті. Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға жиналған ардагерлерді құттықтауға президент Нұрсұлтан Назарбаев келгендіктен таңертеңгілік мұнда қауіпсіздік шаралары күшейтіле түсті. Каспийде тағы да оншақты итбалықтың қырылып жатқанын осы аймақтың тұрғыны өз көзімен көріп, суретке түсіріп алыпты. Экологтар итбалықтардың қырылуына не себеп болғанын енді анықтамақшы. «Экомаңғыстау» үкіметтік емес ұйымының директоры Кирилл Осин экологтардың 10 мамыр күні Түпқараған ауданына барғалы отырғанын айтты Азаттық радиосының тілшісіне. Кирилл Осиннің сөзіне қарағанда, өлген итбалықтардың ішкі ағзаларына арнайы дәрігерлік экспертиза жүргізбей тұрып, нақты бірнәрсе айту қиын. Осыдан екі жыл бұрын да бұл аймақта итбалықтардың қырылғаны тіркелген. Дәл осы Түпқараған ауданында 350-дей итбалықтың өлексесі табылған еді. Жалпы итбалықтардың қырғыны 2006 жылы да, 2007 жылы да теңіз жағалауында өлексесі бір мыңға жуықтады. Ол жолы өлген итбалықтар Қаламқас және Қаражамбас кен орындарының маңайынан табылған болатын. 2002 жылдан бері Польшаның Познань қаласындағы университеттің түркология бөлімі мен Түркістан университеті арасындағы кадр алмасу келісімшарты бойынша қазақ тілінен сабақ беріп жүрген Гүлайхан Ақтай Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарда қазақ тіліне деген құлшыныс жоғары еді, бірақ 6-7 жылдан кейін бұл талпынысқа қолдан кедергілер жасалды, оның себебі жоғары билікте отырғандардың қазақ тілін білмеуінде деген ой түйеді. Шетел азаматтарына қазақ тілін оқыту маманы Қазақстанда қазақ тіліне деген қажеттіліктің туғызылмай отырғанына қынжылыс білдіре отырып, бұл салада қалай алға басуға болады деген өз ұсыныстарын да ортаға салды Азаттыққа берген арнайы сұқбатында. Алғашқы жылдары Польша мемлекетінде қазақ тілін оқып-үйренгісі келген шәкірттерімнің құлшынысы өте жоғары болды, бірақ кейін келе Қазақстаннан келген түрлі деңгейдегі шенеуніктердің мемлекеттік тіл - қазақ тілінде емес, орыс тілінде сөйлейтіндігін көргенде, біз орыс тілін үйренсек те жеткілікті екен ғой деген енжарлық пайда болды дейді.

XS
SM
MD
LG