Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі» бойынша сейсенбі күні Астананың қалалық сотында алдын ала тыңдаулар жабық жағдайда өтті. Қазақстан қоғамдастығының өкілдері Қазақстандағы қытай экспансиясына қарсы Алматы қаласында 28-мамыр күні митинг өткіземіз деп мәлімдеді сейсенбі күні Алматыда. Ал Азаттық тілшілері Шығыс-Қазақстан облысының Үржар ауданында екінші жыл қатарынан соя егісімен айналысып жатқандар кімдер екенін өз алдарына зерттеп көрген еді. Экс-министр Жақсылық Досқалиевке «қызмет бабын асыра пайдаланды» және жемқорлық әрекетіне барды деген айыптар тағылды. Журналистер үшін жабық өттен сот тыңдауларынан кейін айыпталушы Досқалиевті қорғайтын адвокаттың сот ғимараты алдында күтіп тұрған журналистермен тілдесуге құлық танытпады. Қазақстан экономикасы белгіленгендей межеде дами алмаса соған сәйкес қимыл-әрекеттер жоспары дайындалуы қажет. Бұл турасында сейсенбі күні үкімет отырысында айтылды. Қазақстан экономикасының дамуы да, кейін қалуы да мұнай бағасының қымбаттауы мен арзандауына тікелей бағынышты дейді ел экономикасын қолдау мен тұрақтандырудың үкіметтік шаралары жайында Азаттыққа пікір білдірген экономист Меруерт Махмұтова. АҚШ пен Қытайдың Вашингтондағы экономикалық келіссөздері қандай мәмілемен аяқталғаны жөнінде де айтатын боламыз. Халықаралық «Форум-18» ұйымы Қазақстанда діни азшылықтарға қысым көрсетудің жаңа кезеңі басталды деп жазады.  

XS
SM
MD
LG