Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Степногорскідегі түрменің сотталғандарды уақытша ұстайтын тергеу орнына түскен азамат жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Денесінде соққының іздері, көгерген, ісінген жарақаттары болғандықтан мәйітті көрсетпей отыр деген марқұмның туыстары Дмитрий Ракишевтің «аурудан қайтыс болғанына» сенгілері келмейді. Ал құқыққорғаушылар Степногорскі түрмесіндегі әкімшілік жүйені сынап, бұған ұқсас жайттардың ол арада болып тұратындығын алға тартады. Мамырдың 11-і күні Алматының сот орындаушылары екі жылдан бері сергелдеңге түскен жас ана Айман Ахметтаева мен кішкентай ұлын бір-бірімен жолықтырып, сот шешімін орындамақшы болды. Осыдан екі жыл бұрын ана мен нәрестені айырған туыстары, жас ананың «психикасы дұрыс емес» деген желеумен оны ауруханаға жатқызып қойған. Дегенмен сотта түрлі дәрігерлік анықтамалармен «өзінің денінің сау» екендігін дәлелдеп шыққан Айман Ахметтаева көптен көз жазып қалған сәбиін бір көруге зар болып, күйеуінің туыстары тұратын үйдің есігі алдын сот орындаушыларымен күзетуге мәжбүр болды. Пара алып,қызмет бабын асыра пайдаланды, жемқорлық жасады деген айыптармен сотқа тартылып жатқан Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің Ақтөбеде тұратын туған әпкесі Үміт Досқалиева бауырының жағдайы турасында Азаттық радиосына берген сұқбатында бауырының қылмыс жасағанына сенбейтінін, ал ең бастысы бұрынғы денсаулық министрінің денсаулығына алаңдайтынан айтты.

XS
SM
MD
LG