Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Атыраулық экологтар бейсенбі күні Астанада баспасөз-мәслихатын өткізіп, мемлекеттік мекемелер мен тиісті орындардың аймақтың экологиясына назар аударуға шақырып, Қарабатанда мұнай өңдеу, Доссорда күкірт өңдеу зауытын салмауды жергілікті тұрғындармен бірге талап ететіндерін мәлімдеді. Каспий жағалауынан табылған итбалықтардың өлексесі мен теңіз жануарларының неден қырылғаны туралы мәселеге Маңғыстау облыстық әкімдігі де назар аударып, мерзімді басылымдарға өз уәждерін жолдады. Сирия қауіпсіздік күштерінің наразылықы танытушыларды басып-жаншуы барысында 20-ға жуық адам қаза тапқан. Ұлыбританиялық режиссер Энтони Буттстың Семей ядролық полигонынан зардап шеккен адамдар жайлы түсірген «Заманақырдан кейін» деректі мамырдың 11-інен бастап Ұлыбританияның барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады.Дегенмен режиссер оны Қазақстанда көрсеткісі келмейді. Себебі Буттс бас кейіпкеріне фильмді Қазақстанда көрсетпеуге уәде берген екен. Британдық режиссер Буттс Қазақстандағы полигон құрбандарының проблемасына бүкіл әлемнің назарын аударғысы келетінін айтты. Азаттық сайтында онлайн конференция өткіземін деп өзінің блогында хабарлаған үкіметбасының атына Азаттық тыңдармандарының жолдап жатқан сауалдары толастар емес.

XS
SM
MD
LG