Студенттер де, жоғары оқу орындары мамандарының көпшілігі де Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім сапасы төмен деп есептейді. Оның себебі білім беру жүйесі дұрыс құрылмаған деп есептейді ұстаздар. Айгерім Саматқызы Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды. Ол 8-ші семестрдің алғашқы емтиханына дайындалып жатыр. Алайда, жазғы емтиханда да алдынғылары сияқты парақорлық, заңсыздық орын алады деп ойлайды. Халықаралық бизнес академиясының ұстазы Владимир Осколковтың айтуынша қазіргі студенттер ақша төлеп отырғасын ақшасына сай білім талап етеді. Сондықтан қазір оқу орындарының көбінде жемқорлық жойылған дейді. Ұстаз ең алдымен оқу орнында идеологиялық жұмыстар жақсы жүргізілуі керек дейді. Ал Қазақстан инженерлі технологиялық университетінің даму бойынша проректоры Ербол Ізбасаров жемқорлықпен жыл сайын күресудің жаңа әдіс тәсілін ойлап табамыз. Алайда, парақорлар одан ысылып шығудың жолын қарастырып бағады деп отыр. Парақорлықпен ұсталған бірнеше мұғалім жұмыстан шығарылғанын да айтып өтті проректор.