Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандық саясакерлер мен сарапшылар Әндіжан қырғынын бағалауда халықаралық ұйымдар әділетті және обьективті болмады дей келе, Әндіжан көтерілісінің осылайша елеусіз қалуы Қазақстан үшін ыңғайлы болды деп атап көрсетеді. «Әмнести интернәшнлдің» бағалауынша Қазақстан адам құқықтарын бұзып отырған елдер қатарына тағы да кірді. Жұма күні Алматыда өзбек босқындарына қатысты тағы бір сот өтіп, арызданушы Шухрат Холбаевты Өзбекстанға экстрадицилау жөнінде шеші шықты. Холбаевтың адвокаты бұл шешімге апеллициялық өтініш бермекші, ал босқынның әйелі өздерін Қазақстан үшінші бір елге жіберсе деген үмітте. Азаттықтың сайтында жарық көрген мақаладан кейін журналистке ақпарат пен дерек бергені үшін Жылыой мешітінің имамы жұмыстан шығарылған. Ашхабадта осындағы қазақ қауымдастығының белсендісі, мамыр айының аяғында Астанада өтетін Дүиежүзі қазақтарының 4-ші Құрылт айына делегат болып сайланған Бейсенғұл Бегдесіновке қарсы сот басталды. "БТА Банкі" бұрынғы өзінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің үстінен «алаяқтықпен 4 миллиард доллар банк қаржысын жымқырды» деген айыптау негізінде ары қарай сотқа арыз түсіре алады деген шешім шығарды Британия соты.

XS
SM
MD
LG