Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Мамырдың 11-і мен 15-і аралығында Халықаралық IX-шы «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі болып өтті. Қазақстанның халық әртісі, режиссер Асанәлі Әшімов Халықаралық «Шәкен жұлдыздары» кинофестивальінде бірнеше жас киномотогрофтардың ерекше көзге түскенін айтып, олардың жұмысын әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік бердік дейді, -Түріктің бір фильміне гранпри бердік. Жақсы фильм. Өзіміздің Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыған жас киномотогрофтардың «Мент» деген фильміне де жүлде бердік. Алдағы жылы да бір фильм түсіруге құқығын бердік, дейді Асанәлі Әшімов. Қазақстанның жас кино әртісі Линда Нығматулина қазір дарынды жас кинематографистер өте көп екендігін айтады, -Бұл фестивальдің біздің жастарға берері, біріншіден, олар басқа елдің жас кино саласының мамандарымен танысады. Олармен тәжірибе алмасады, сөйлеседі, ортақ шығармашылық жоспарлар пайда болады. Әр елден әр түрлі тілде сөйлейтін жастардың басын қосу фестивальдің басты мақсаты деп ойлаймын. Қазақстанның жас кинематографистері өте талантты әрі өте сұлу. Олардың жартысы Голливудқа барып тәжірибе жинап үлгерді. Мені біздің жас кинематографтардың жаңа деңгейге көтерілгені қуантады дейді Линда Нығматулина. «Шәкен жұлдыздары» 9-шы халықаралық фестиваліна 38 алыс жақын шет елден қонақтар келіп, 20 елдің кинемтографтары әр түрлі номинациялар бойынша фестивальға фильмдерін ұсынды. «Жас кино» секциясы бойынша «толық және қысқа метражды ойын киносы» және «анимация» номинациялары бойынша жүлделер тағайындалды. Сондай ақ, «дебют» және «студенттік фильм» секциялары бойынша фильмдер көрсетілді.

XS
SM
MD
LG