Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Соттың үкімімен шартты түрде жаза тайындалған Түркменстандағы қазақ қауымдастығының белсендісі Бисенғұл Бедесіновтың туыстары сот шешімінің жойылуын талап етеді. Бұл туралы мамырдың 16-сы күні Бегдесіновтың Қазақстандағы ұлдары мәлімдеді. Жұма күні түстен кейін шешім шығарған Түркменстанның Копетдаг аудандық сотына телефон шалған тілшіміз ешкімнен мардымды жауап ала алмады. Сәуір айында су астында қалған Орал аймағының тұрғындарының көпшілігі эвакуациялық орталықтарда тұрып жатыр. Сондай отбасылардың бірі - Бейсенбек Сәрсенғали өздері баспана берілетіндер тізіміне ілінбегенін естіген сәтте миына қан құйылып, елуден енді ғана асқан азаматтың жүрегі тоқтап қалғанын хабарлайды тілшіміз. Маңғыстау облысында Қашаған жобасындағы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компания басшылығы мен жұмысшылары арасында дау жалғасып жатыр. Компания жұмысшылары басшылықтан әлеуметтік мәселелерін шешіп беруді талап етіп, ереуіл жасаса, мекеме басшылығы олардың әрекетін заңсыздығын дәлелдеу үшін сотқа жүгінген. Еуропаның төрінде қазақтың қымыз ашыту технологиясын дамытып, өрісін малға, дастарқанын қымыз бен саумалға толтырып отырған Ханс Цоллманндар отбасы жайында әңгімелейміз.

XS
SM
MD
LG