Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Бүгін Алматы маңында белгісіз жағдайда қайтыс болған 17 жаcар Жанайым Сыдықованың ісіне қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Cотқа келген марқұмның туыстары соттың жабық өтетіндігін естіп, наразылықтарын білдірді. Қайтыс болған қыздың әкесі өзін сол жерде жарақаттамақ та болды. Алайда Азаттық тілшісімен сөйлескен судья мен мемлекеттік айыптаушы, істің жабық өтуіне заңды негіз бар екендігін айтқан. Президент жанындағы шетел инвесторларының биылғы кеңесі Астанадағы Назарбаев университетінің ғимаратында өтіп, президент кәсіпорындарды модернизациялауға шақырды. ЕНРЕС және Қазмырыш компаниясының  акцияларының сатылуына  алаңдаушылық  білдірген азаматтық қоғам өкілдері ашық хат жолдады. Ресей президенті Дмитрий Медведев сәрсенбі күні  мыңға тарта журналистке баспасөз мәслихатын өткізсе де тілшілерді қызықтырған ең басты сауал президенттік сайлауға түсетін түспейтіні турасында айтпады. Әл Жазира телеарнасы осы мамыр айындағы соңғы көрсетілімдерінің бірінде Қазақстанды Құбырстан деп атады.

XS
SM
MD
LG