Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Бейсенбі күні таңертеңгісін вахталық демалыста жүрген «Қаражанбас» кенішінің бір топ жұмысшылары Ақтау қаласындағы компания кеңсесінің алдына жиналған. Маңғыстау облысындағы Бозащы түбегінде орналасқан Қаражанбас кенішіндегі мұнайшылар еруілінің жалғасып жатқанына бүгін 4-ші тәулікке ұласты. Әзірге компания басшылығы мен жұмысшылар ортақ мәмлеге келе алар емес. Оларды жаңаөзендік мұнайшылар қолдауға бейіл танытып отыр. Бұрынғы денсаулық министрі Жақсылық Досқалиевтің соты Астанада басталды Бейсенбі күні Алматыда бір топ азамат «Хабар телеарнасының жалған жобасы жайында немесе сопылықты қаралауға кімдер мүдделі» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті. Онда сәуір айында «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Ақиқат» бейнефильмінің өрескел қателіктері мен Қазақстан заңдарына қайшы тұстары айтылды. Жиынды ұйымдастырушылардың сөзінше мемлекеттік арна болып табылатын «Хабар» билікке, оның ішінде президентке қарсы шығып, әлдебіреулердің тапсырысын орындады дейді. Дегенмен сарапшылар, бұл фильм телеарнадан тек «президенттің келісімімен» көрсетілгендігіне сенімді. Халықаралық сөздік қорда «Араб көктемі» деген терминнің қолданысқа енгеніне де бес айдай болып қалды. Бүгін АҚШ президент Барак Обама ресми Вашингтонның Таяу Шығыстағы саясаты қаншалықты өзгергені туралы сөз сөйлейді. Ақ үй жетекшісінің  сөзі  негізінен араб елдерін дүр сілкіндірген саяси толқуларға арналатындығы анық. 2009 жылы қаңтар айында инауграциялық сөзін жарқын да, жақсы ойлармен бастаған АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обаманың осы алғашқы салтанатты сөзін тыңдағандар Джордж Буш президенттік еткен тұстағы  Ауғанстан мен Ирак соғысы, Иранмен қарама-қайшылықты қарым-қатынастар күшейген кезеңнен кейін әлемде бір мамыражай сәт туар деп үміттенді және Американың Таяу шығысқа қатысты ұстанымы жаңарады деп ойлағанды көп жұрт. Барак Обамаманың бүгінгі сөзі АҚШ ресмилерінің Таяу шығыстағы толқуларға қатысты бағыты турасында түрлі сындар айтылып жатқан тұста жасалғалы отыр.  Осы ретте қазақстандық сарапшы- саяматкерлерден сіз АҚШ президентінің мұсылман әлеміне арнайтын сөзінде  қандай мәселе көтерісле деп күтесзі деген бір сауалға жауап сұрап көрген едік.

XS
SM
MD
LG