Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен мүгедек аналар қоры арасындағы дауға қатысты сотта мүгедек әйелдер ұйымының шағымы қанағаттандырылған жоқ. Ақтөбедегі мұсылмандардың бейресми шағын тобының мүшесі болған Рахымжан Махатовтың мәйіті жер қойнына берілді. Ол мамырдың 17-сінде Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратында өзін-өзі жарып, мерт қылған еді. Алматыда қытай тауарларының көрмесінде қазақ қытай кәсіпкерлері арасында іскерлік кездесу болып өтті, онда  екі жақты сауданы ғана дамытып қоймай инвестициялық жобаларға да жол ашу жөнінде  сөз болды, дегенмен кездесуге қатысушыларды Қытайдың қазақ жерін ауылшаруашылық мақсатында жалға алуы туралы әңгімелер көбірек қызықтырды  АҚШ президенті Барак Обама Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты Ақ үйдің ұстанымын білдіріп, Израиль мен Палестина арасындағы мәселеге қатысты АҚШ саясатын жария етті. Қазақстандық халықаралық мәселелер бойынша сарапшы, тарих ғылымының докторы Сейыолла Сапанов Барак Обаманың бұл жолдауы –оның келесі президенттік сайлау марафонының басталғандығының белгісі дейді.

XS
SM
MD
LG