Маңғыстау облысындағы Құрық кентіндегі «Ersai Caspian Contractor LLC» компаниясы жұмысшыларының мамырдың 11 күні басталған ереуілі аштыққа ұласты. Билік пен компанияБилік пен компания басшылығыжұмысшылармен әзірге өзара мәмлеге келген жоқ. Тәліптер НАТО-ны қолдамақ мақсатында Ауғанстанға әскер жібермек болып отырған Қазақстанның шешімін сынап, оның теріс салдары болуы мүмкін екенін ескертті. Кейбір сарапшылар Қазақстанда терроризм қаупі ұлғайғанын айтады. Ал бұл аралықта Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін атқарушы Джон Ордвей Ауғанстан АҚШ-қа қарағанда, Орталық Азияға жақынырақ болғандықтан, тәліптер бұл аймаққа көбірек қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеді. 23 мамыр күні Алматыда Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін талқылауға арналған қоғам өкілдерінің кездесуі болып өтті. Бұл бас қосуда пікір білдірген кейбір экологтар мен бірқатар белсенділер Қазақстанда АЭС салуға мараторий жариялануы тиіс деген ойларын да ортаға салды. Сондай ақ олар осы мәселе бойынша референдум өткізу керек дейді. Кездесуге қатысқан ресейлік сарапшы Қазақстан қазір тәжрибелік аймаққа айналып отыр деген пікір айтты. Қырғыз Жоғорғы кеңеші Қазақстанға өтіп кеткен жер телімдерін қайтару керек деген мәселені көтерген, қашып кеткен бұрынғы биліктің тұсында атқарылған қандай да шаруа қайта қаралуы керек деп есептейді олар. Осындай бастаманы көтерген қырғыз Жоғорғы кеңешіңің вице-спикері Әсия Сасықбаевмен Азыттықтың арнайы сұқбатын да назарларыңызға ұсынамыз.