Ереуілдетіп жатқан маңғыстаулық «Қаражанбасмұнай» мұнайшылары қысым көргендерін айтып шағымданады. Енді наразылық танытушылар қатарына Жаңөзендегі «ӨзенМұнайГаз» жұмысшылары да аштық жариялап қосылып отыр. Мұнайшылардың құқын қорғап жүрген заңгер Наталья Соколованы Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына шақырып, түн жарымында Соколованы сегіз тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарған. Батыс Қазақстан облысындағы бір ауылда аша тұяқты ұсақ мал мен ірі қараның арасында індет кең етек алып тұр, малдардың өлексесі өртеліп, Тінәлиев аулының өзі карантинге жабылған. Мамырдың 26-сы күні парламент депутаты Ирак Елекеев пен құқыққорғау органдары басшылығының бірқатары Атбасардағы түзету мекемесіне барды. Осылайша депутат биылғы жылдың сәуір айында өз наразылықтарын білдіріп Астанада президентпен кездеспек болып барған, сотталғандардың туыстарына берген уәдесінде тұрды. Дегенмен, колониядан шыққан депутаттың мәлімдемесіне, сотталғандардың туыстарының көңілі толмай, «әділдік орнайды деген соңғы үмітіміз өшті» деп тарқасты олар. .