Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Білім дамыту индексі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің алдына шыққан екен. Бұл туралы 23 мамыр күні Білім және ғылым минстрі Бақытжан Жұмағұлов хабарлады. Министрдің мәлімдеуінше, халықаралық сарапшылар Қазақстанға әлемдік рейтингте жақсы баға берген. «Білім дамуы индексі бойынша Қазақстан соңғы үш жыл ішінде 129 ел арасында 4-ші орында тұр» деді министр. Сондықтан да өзге Армения, Өзбекстан, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова сияқты ТМД елдерінің алдында тұр екен.   Сондай ақ ұлттық әл-ауқаттық Лигатам Просперити Индекс рейтингісі бойынша да Қазақстан ТМД елдері арасында алдыңғы орынға ие болды. Айта кететін бір жайт, бұл рейтинг сегіз индекс, оның ішінде білім сапасы индексі бойынша анықталады. Алайда бұл рейтингте Қазақстан 110 мемлекет ішінде 50 орынға тоқтаған екен, ал Беларус 54, Ресей - 63, Украина - 69, Өзбекстан - 76 орынды місе тұтыпты. Білім және ғылым министрінің хабарлауынша, Қазақстан аталған елдер арасында тәуелсіздік алғалы бері түбегейлі өзгерістер жасап келе жатқан ел екенін тәуелсіз сарапшылар анықтады. Бұл тұрғыда Ғалия Әміртаева болса елдегі жиі жасалатын реформалар алдын-ала мұғалімдермен талқыланып барып іске асырылуы керек деп есептейді.

XS
SM
MD
LG