Accessibility links

Айтыс Азаттықта


Айтыс Азаттықта
please wait

No media source currently available

0:00 1:00:00 0:00
Жүктеп алу

Ақпанның 12-сі күні Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен мен жасөспірімдер театрында «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыс өтті. Бұл айтыста төртінші жұп болып сөз қағыстырғандар - Жандарбек Бұлғақов пен Сара Тоқтамысова. Қос ақынның жыр сайысы жеңге мен қайын арасындағы әзіл-қалжыңға құрылды. Сөз тізгінін бірден қолына алған Жандарбек Бұлғақов айтыстың араға екі жыл салып барып қайта оралғанын айта келе, Қысқы Азия ойындарын да ұмыт қалдырмады. - Ерлеріміз орындап ел арманын, Спорттан айшықталды төр алғаның. Жарты әлемге жар салып Қазақстан, Азиада өткізіп, дем алмадың. «Біткен іске - сыншы көп» демеңіздер, Дұрыс қой ақиқатқа жол алғаным. Крутойдың әндері шарықтады, Қақ төрінде еңселі елорданың. Өйтіп-бүйтіп алдық-ау бірінші орын, Білмейміз, қай сайыста не болғанын. Орыстарды бәйгеге қосып қойып, Бер жағында отырдық теларнаның. Ал, қазақтар, ендеше құтты болсын, Орыстар алып берген медальдарың, - деп жырлады Жандарбек. Ал Сара Тоқтамысова айтыс ауанын Жандарбектің жеке басына аударып жіберді. - Бес жыл бұрын Жандарбек, Шынымен рас кім едің. Мен - жиырмадағы бойдақ қыз, Сен - мектептегі ұл едің. Айтақын әкең қасыңда, Көк тақияң басыңда. Аузы-басың ашылып, Аңқиып, қарап жүр едің. Екі бұтың талтайып, Екі құлағың қалқайып, Бір түрлі еді ғой реңің. Шатағың жоқ ешкімде, Тап-таза еді жүрегің... - деп жырға қосты. Он бір адамнан құралған қазылар алқасы екі ақынға да бірыңғай он ұпайдан берді.

XS
SM
MD
LG